Балабақша туралы мәлімет
МКҚК "№159 бөбекжай –балабақшасы ” - 24 наурыз 2009 жылдан бастап қызмет жасайды.Оқу –тәрбие жұмыстары мемлекеттік тілде жүргізіледі.
Балабақша бойынша жалпы -6 топ бар. Жобалық қуаттылығы -130 орын.
Ондағы 2018-2019 оқу жылындағы тәрбиеленушілердің жалпы саны -169.
МКҚК «№159 бөбекжай - балабақшасы» - дамытушы,тәрбие барысын ұлттық рухта жүргізетінмектепке дейінгі мекеме.
Тарихы.
«№159 бөбекжай -балабақшасы» оқыту мен тәрбие беру бағыттың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының тиімді жүзеге асыруын басты мақсат етіп алған. Сонымен қатар мектепке дейінгі балалардың денсаулығын сақтау құзыреттілігін арттырып, сауықтыру шараларын жаңа бағытта өткізіп,мектепалды даярлық жұмыстарын толыққанды қамтамассыз етіп, зияткерлік,тұлғалық,әлеуметтік, эмоционалдық дамуын ұлттық рухта тәрбиеленуін отбасымен бірлескен қарым- қатынас барысында реттейтін инновациялық типтегі мекеме.
МКҚК "№159 бөбекжай –балабақшасы ” - 24 наурыз 2009 жылдан бастап қызмет жасайды.Оқу –тәрбие жұмыстары мемлекеттік тілде жүргізіледі.Балабақша бойынша жалпы -6 топ бар. Жобалық қуаттылығы -130орын. Ондағы 2018-2019 оқу жылындағы тәрбиеленушілердің жалпы саны -169. Балабақшада, қажетті құралдармен, ойыншықтар мен толық жабдықталған, оқу, ойын және ұйықтау бөлмелерінен басқа, асханасы, дәрігерлік кабинет пен музыкалық залы да бар.
Жетістіктер.
Қазіргі заман талаптарына сай оқу-тәрбие ісін мемлекеттік жалпыға міндетті стандартынын негізге ала отырып, ұлттық педагогикалық бағытта жетілдіруде.Әр топ заман талабаны сайпәндік дамытушы ортамен және бес білім беру саласынның қажеттілігіне лайық деңгейде қамтамасыз етілген. Сонымен қатар балабақша бойынша 2014 оқу жылында «8-наурыз-Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай мектепке дейінгі қызметкерлер арсындағы салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында эстафеталық жарыстан аудан бойынша І орын, Аудандық« Үздік кеңес беру пункті» байқауынан І –ші орын, Аудандық « Нұр Отан » ХПД ұйымның метепке дейінгі білім беру мекемелер арасында өткізген «Үздік бастауыш партия ұйымы » байқауынан І –ші орын, «Жылдың үздік әдіскері » республикалық байқаудың қалалық кезеңінің «Мектепке дейінгі білім беру әдіскерлері» ІІ секциясы бойынша жеңімпазы иегерлері атанды.
Ең үлкен жетістіктердің бірі қоғам қажет тұтатын бірінші сынып оқушысы моделін даярлау:
Ø Ақыл -ой, танымдылқ процестерініңдамуы;
Ø Интеллектуалдықмәдениеті ;
Ø Қоршаған орта, жалпы әлем жайлы мағұлматтардың қабылдануы;
Ø Патриоттық тәрбиемен өлке тану жоба бойынша өтілуі;
Ø Психологиялық бақылауиндикатор жылжукөрсеткіші,мониторинг жүйесі;
Ø Баланың жеке басын,өзін –өзі тану,дербестік,әлеументтендірунегіздерін қалыптастыру;
Ø Бүлдіршіндердің бойына еңбек қызметін,жауаптылыққа тәрбиелеу;
Ø Отабасылық серіктестікқатынас;
Ø Педагогтардың кәсиби өсу деңгейлерінің заман талабына сай болуы;
Ø Бірінші сыныпқадайын баланың моделінқалыптастыру. Бұның айғағы №173 мекеп- лицей, № 176 мектеп гимназиясына баратын балабақша түлектерінің үлгерімінің жоғары бағалануы (87%).
Ұлттық бизнес-рейтингтер одағы бойынша статистикалық қорытындылау барысында «Сала көшбасшысы»-2015ж, ҚР «Экономика мақтанышы» ордені, «Кәсіби саладағы еңбегі үшін» медалі, «»Лидер отрасли -2015» ұлттық сертификат, «Жыл педагогы» сертификатын алдық .